Бізге жазылыңыз:

Субсидияланатын жұмыс орындарын іске асыру тәртібіне өзгеріс енгізіліп жатыр

Субсидияланатын жұмыс орындарын іске асыру тәртібіне өзгеріс енгізіліп жатыр
— Жыл басынан бері 196 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда субсидияланатын жұмыс орындарын іске асыру тәртібіне, сондай-ақ гранттар беру қағидаларына өзгеріс енгізіліп жатыр. Енгізілетін өзгерістер тиімділікті арттыруға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына көзделген қаражаттарды нысаналы жұмсауға бағытталған, — деді Асқар Биахметов.
Оның айтуынша, қазір министрлік кәсіби кадрлар даярлауға жүйелі қадам жасау үшін Ұлттық біліктілік жүйесін белсенді түрде дамытып отыр. Бұл еңбек нарығының талаптарының тез өзгеруі жағдайларында ерекше маңызға ие.

— Қазір еңбек нарығында 7 800-ден астам кәсіп сұранысқа ие. Олардың ішінде кәсіптік стандарттармен 4500-ге жуығы қамтамсыз етілген, 864 кәсіптік стандарт әзірленді. Білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына жақындату үшін қазір білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттарға теңестіру жүргізіліп жатыр. Бүгінде олардың негізінде 11 мың білім беру бағдарламасы жаңартылды. Бұдан бөлек, Дағдылардың цифрлық банкі енгізіліп жатыр. Кәсіптік стандартты әзірлеу процестеріне жасанды интеллектіні енгізу келесі қадам болады. Бұл еңбек нарығындағы өзгерістерді жедел талдауға, процестерді оңтайландыруға және стандарттарды уақтылы жаңартуға жол ашады, — деді вице-министр.

Ұқсас материалдар