Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Ұлыбританияның ресми статистика сапасын басқару тәжірибесін зерделеді

Қазақстан Ұлыбританияның ресми статистика сапасын басқару тәжірибесін зерделеді

Қазақстан Республикасы Президентінің Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының өкілдері Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасы (ONS) мен Статистиканы реттеу басқармасына (OSR) жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында тараптар ресми статистиканың сапасын қамтамасыз ету, тәуелсіз реттеу, статистикалық өнімдердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау және баға статистикасын жаңғырту тәсілдерін талқылады.

Кездесулерде Ұлыбританияның Trustworthiness, Quality and Value қағидаттарын қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ статистиканың стандарттарға сәйкестігін тұрақты бағалау, деректерді өндірудің барлық кезеңдерінде сапаны басқару және баламалы дереккөздерді пайдалану мәселелері қарастырылды.

Тараптар баға статистикасын жетілдірудің заманауи тәсілдері бойынша да пікір алмасты.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар ресми статистиканың сапасын басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты практикалық тәсілдерімен бөлісті. Ұлыбританияның тәжірибесі сапаны бағалаудың қолданыстағы құралдарын дамыту кезінде, оның ішінде өзін-өзі бағалау, сапаны арттыру шараларын жоспарлау, тәуекелдерді ескеру және нәтижелерді кейіннен мониторингтеу бағыттарында қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар бұл тәжірибе Қазақстан Республикасының Деректер сапасының ұлттық стандартын өзектендіру барысында пайдаланылуы ықтимал.

Ұлттық статистика бюросы ONS және OSR-мен кәсіби байланысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Ынтымақтастық ресми статистиканың сапасын қамтамасыз ету процестерін ұйымдастыру, жаңа дереккөздер мен модельдерді қолдану, баға статистикасын жаңғырту және статистикалық өнімдердің сапасын арттыру құралдарын іс жүзінде енгізу мәселелерін қамтиды.

Ұқсас материалдар