Бізге жазылыңыз:

Мұхтар Тілеуберді ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты

Мұхтар Тілеуберді ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында тараптар БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар ҰҚШҰ мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қаралды.

Қазақстан СІМ мәліметінше, кездесу дәстүрлі достық жағдайда өтті. Қатысушылар ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Ұқсас материалдар