Бізге жазылыңыз:

Қытай төмен биіктік экономикасын дамытуға қарқын берді

Қытай төмен биіктік экономикасын дамытуға қарқын берді

Қытай төмен биіктікте жұмыс істейтін авиация мен дрондарға негізделген төмен биіктік экономикасын (Low-altitude Economy) белсенді дамытып жатыр. Бұл бағытқа азаматтық және өнеркәсіптік дрондар, жүк тасымалдайтын пилотсыз авиация, агродрондар, аэротаксилер (eVTOL), инфрақұрылымды бақылау жүйелері, логистика және әуе кеңістігін басқару кіреді.

Қытайдың Азаматтық авиация басқармасының (CAAC) мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған саланың көлемі 1,5 трлн юаньға (шамамен 210–215 млрд АҚШ доллары) жеткен. Ал 2035 жылға қарай бұл көрсеткішті 3,5 трлн юаньға (шамамен 500 млрд АҚШ доллары) дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, технологияларды тәжірибеде қолдану қарқыны да айтарлықтай өсті. 2025 жылы азаматтық дрондар мен eVTOL аппараттарының коммерциялық ұшу уақыты 45,3 млн сағатқа жетіп, бір жыл ішінде 69,9%-ға артқан. Бұл пилотсыз технологиялардың логистикада, ауыл шаруашылығында, инфрақұрылымды бақылауда және басқа да салаларда кеңінен қолданыла бастағанын көрсетеді.

Сарапшылардың айтуынша, Қытайдың моделі мемлекеттік реттеу мен инфрақұрылымды дамытуды жеке сектордың инновацияларымен ұштастырады. Мұндай тәсіл жаңа технологияларды жедел сынақтан өткізуге және толыққанды нарық қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың бағалауынша, алдағы жылдары саланың негізгі өсім драйвері жүк тасымалы мен өнеркәсіптік пилотсыз сервистер болады. Ал жолаушыларға арналған аэротаксилердің жаппай қолданысқа енуі қауіпсіздік пен инфрақұрылымға қойылатын жоғары талаптарға байланысты біртіндеп жүзеге асады.

Дереккөз: Ec[ON]omyKZ.

Ұқсас материалдар