
Соның аясында, осы жылы 29 мамырда Ақтау қаласына жұмыс сапарымен шетелдік инвестор – «Agalarov Development» компаниясының негізін қалаушы, девелопер Эмин Агаларов бастаған делегация келген.
Өңір әкімдігі шетелдік инвесторға туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін перспективалы алаңдарды таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша инвестор облыстың туристік инфрақұрылымын дамытуға қызығушылық білдірді. Келіссөздер барысында туристік әлеуеті жоғары «Кендірлі» курорттық аймағының мастер-жоспарын әзірлеу бастамасы талқыланды, - делінген хабарламада.
Инвестор сонымен қатар жоғары геологиялық, мәдени және эстетикалық құндылыққа ие бірегей табиғи нысан - Бозжыра шатқалында экологиялық тұрғыда тұрақты қонақүй салуға қызығушылық танытқан.