Бізге жазылыңыз:

МКК мен Pinduoduo электрондық сауданы салықтық реттеуді талқылады

МКК мен Pinduoduo электрондық сауданы салықтық реттеуді талқылады

14 қыркүйекте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары С. Ахметовтың жетекшілігімен Қытайдың Pinduoduo электрондық сауда платформасының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік маркетплейстердің электрондық коммерциясына салық салу, сондай-ақ ел азаматтарына сатылатын тауарлар туралы ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.

Тараптар трансшекаралық сауданың ашықтығын арттыруға, операциялар жөніндегі мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар мен цифрлық платформалар арасындағы ақпараттық байланысты жетілдіруге назар аударды.

Кездесу қорытындысында Қазақстан заңнамасына сәйкес техникалық интеграция және мәліметтерді беру тәртібі бойынша консультацияларды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

МКК халықаралық маркетплейстермен өзара іс-қимыл нарық қатысушылары үшін тең жағдай қалыптастыруға, сауда операцияларының ашықтығын арттыруға және салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұқсас материалдар