Бізге жазылыңыз:

Астана әуежайы 8,3 миллионыншы жолаушысын қарсы алды

Астана әуежайы 8,3 миллионыншы жолаушысын қарсы алды

Астана халықаралық әуежайы өзінің 8,3 миллионыншы жолаушысына қызмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл 2024 жылғы рекордтық көрсеткіш, сондай-ақ Астана әуежайы үшін тарихи оқиға. Елорда әуежайының 8,3 миллионыншы жолаушысы LO195 рейсімен Варшава-Астана бағытымен ұшып келді.

"Астана халықаралық әуежайы жылдан жылға әлемдік авиациялық қоғамдастықта өзінің маңыздылығын дәлелдеп келе жатыр. 2024 жылы біздің әуежайдан Сеул, Гоа, Фукуок, Пхукет, Абу-Даби, Сиануквилл, Милан, Прага және Минералды Суларға тұрақты рейстер ашылып, жаңартылды. Өткен жылы біз 7,5 миллион жолаушыға қызмет көрсетсек, биыл жолаушылар ағынының өсімі 10%-ға құрап, 8,3 миллионға жетті", – деді Астана халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер.

Ұқсас материалдар