
Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өңдеп, қағаз өндіретін алғашқы зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаға Қытайдың Sichuan Dingshang Leishi Supply Chain Management Co., Ltd компаниясы қатысады.
Зауыттың жалпы аумағы 20–30 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді буып-түюге дейінгі толық өндірістік цикл іске асады.
Кәсіпорында жыл сайын 200 мың тоннаға дейін қамыс өңделіп, 140 мың тонна қағаз өнімі шығарылмақ. Жоба экологиялық қауіптерді азайтып, қаптама мен гигиеналық өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді.