
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, биылғы жылдың бірінші жартысында Қытайдан Қазақстанға баратын ұшақ билеттерінің саны 86%, ал Өзбекстанға баратын ұшақтарға 78%, Тәжікстанға 48% пайызға, Қырғызстанға екі есе өскен.
Кейінгі кезде Қытай Орталық Азиямен халықаралық әуе желісін кеңейту үстінде. Жуықта China Eastern Airlines жаңа «Шанхай-Алматы» бағытын, ал China Southern Airlines Гуанджоудан Алматы мен Ташкентке рейстер ашпақшы.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілгелі бері 2024 жылы Қытайдан Қазақстанға сапарлаған туристер саны 655 мың адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78% көп.
Биылғы жылдың басында Қытайдың ірі туристік платтформаларының бірі Қазақстанды 2025 жылдың болашағы зор ең дамыған бағыттарының бірі ретінде атаған.