2025 жылдың қорытындысында Қазақстанда 942,5 мың адам, яғни жұмыспен қамтылғандардың шамамен 10%-ы бейресми жұмыс істеген.
«Конверттегі» жалақы қысқа мерзімде тиімді көрінгенімен, оның ұзақ мерзімді салдары бар. Ресми жұмыс болмаған жағдайда қызметкер үшін зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жасалмайды. Соның салдарынан болашақ зейнетақысы азаюы, сондай-ақ жұмысынан айырылу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жүктілік пен бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерден қағылуы мүмкін.
Ресми еңбек шарты қызметкердің еңбек құқықтарын да қорғайды. Ал ресми табыс ипотека мен басқа да қаржылық өнімдерді рәсімдеу кезінде адамның төлем қабілетін растауға мүмкіндік береді.
Зейнетақыға әсері
2026 жылы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге, ең жоғарысы 60 005 теңге. Оның көлеміне зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен тұрақты жарналар әсер етеді.
Бұған қоса, 2026 жылдан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 3,5% мөлшерінде енгізілді. 2027 жылы ол 4,5%-ға, 2028 жылы 5%-ға дейін өседі. Бейресми жұмыс істейтін азамат бұл жарналардан да айырылады.
2026 жылғы 1 тамызда БЖЗҚ салымшыларының жинақтарындағы инвестициялық кірістің үлесі 41,1% болды.
Сонымен бірге ресми жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарған. 2025 жылы бейресми жұмыспен қамтылғандар саны 15%-ға азайып, олардың үлесі 12%-дан 10,1%-ға түсті.
2026 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының саны 18,78 млн-ға жетті. Бірінші жартыжылдықта белсенді жеке зейнетақы шоттары 7,20 млн-нан 7,34 млн-ға дейін өсті, ал олардағы жинақ 20,95 трлн теңгеден 22,24 трлн теңгеге артты.
Осылайша, ресми жалақы — тек салық төлеу мәселесі емес. Ол зейнетақы жинағын, әлеуметтік төлемдерге құқықты, еңбек кепілдіктерін және адамның қаржылық қорғалуын қалыптастырады.
Толығырақ: ranking.kz





