
Экономикалық зерттеулер институтының дерегінше, 2025 жылдың 1-тоқсанының қорытындысында елімізге тікелей шетел инвестицияның жалпы ағыны 6,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (6,2 млрд доллар) салыстырғанда 6,2 пайызға артық.
Инвестициялардың жалпы ағынының өсуіне негізгі үлестікелесі секторлар қамтамасыз етті:
— Ақпарат және байланыс — ағын 9,5 есе;
— Қаржы және сақтандыру қызметі — 2,5 есе;
— Өңдеу өнеркәсібі — 27,6 пайыз.
— Жылжымайтын мүлікте, тұру және тамақтану қызметтерінде және басқа да қызметтерде едәуір өсім байқалады, — деп атап өтеді Экономикалық зерттеулер институты.
Ал дәстүрлі салаларға ағынның төмендеуі тіркелді. Нақтырақ айтқанда, тау-кен өнеркәсібіне инвестиция 44,1 пайызға аз түсті. Құрылыста 76,5 пайызға төмендеді. Теріс динамика көлікте, саудада, білім мен мәдениетте, сондай-ақ кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте тіркелді.