Атап айтқанда, қазақ мұнайы «ҚазТрансОйл» жүйесі арқылы басқа да жолдармен экспортталып жатыр.
«Шамамен 300 мың тонна мұнай көлемі ҚТО жүйесі бойынша экспорттық бағдарлар, соның ішінде Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан, Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы жеткізу үшін қайта бағытталды», – деп хабарлады ҚМГ.
2026 жылғы қаңтарда да КҚК-дегі жағдай өзгере қоймаған. Соған байланысты ұлттық компания «мұнайды қайта бағыттау жұмыстары жалғасатынын» мәлімдеп отыр.
ҚМГ үш түрлі қосымша бағытты атады. Олар:
- 2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан мұнайын Германияға (Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына) жеткізу бойынша өсу динамикасы байқалады. Тасымалдау көлемі 2,1 млн тоннаны құрады. 2026 жылы 2,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп жоспарланған.
- Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Жейхан бағдары бойынша қазақстандық мұнайдың 1,3 млн тоннасы тасымалданды. 2026 жылдың болжамды көлемі – 1,6 млн тоннаға дейін.
- Қазақстан мұнайы Қытайға тұрақты түрде тасымалданып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға 1,1 млн тонна мұнай экспортталды.





