Бізге жазылыңыз:

Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға 16,5 мың квота бөлінген

Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға 16,5 мың квота бөлінген
− 2025 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 16,5 мың көлемінде белгіленді, оның 14,2 мыңы бойынша рұқсат берілді. Елдегі шетелдік жұмыскерлердің жұмыс істеу заңдылығын, яғни олармен жасалған еңбек шарттарын бақылау үшін Еңбек инспекциясы өзара іс-қимыл жүйесін жолға қойды. Нәтижесінде 9 мыңнан астам еңбек шарты жүйеге енгізілді, − деді Еңбек министрі.
Сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне шетелдік жұмысшыларды қызықтыру үшін 51 мамандық енгізіліп, 566 жұмысшы тартылған.

− Бүгінгі күні көші-қонның оң сальдосы 3,8 мың адамды құрады. Солтүстік өңірлерге 2 мыңнан астам қандас пен қоныс аударушы көшірілді, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кері қайту жағдайлары тіркелген жоқ, − деді С. Жақыпова.
Айта кетейік, платформалық жұмыспен қамтуды реттеу шеңберінде Яндекс платформасында жұмыс істейтін 87 мыңға жуық адамның қызметі мен әлеуметтік қорғау рәсімделді. Қазір басқа операторлармен белсенді жұмыс жүргізілуде.

Ұқсас материалдар