БИЗНЕС
Қазақстандық өндірушілерге ЕАЭО елдерінің сатып алуларына қатысу жеңілдей түседі

Бұл тауарлар шыққан елін растайтын СТ-1 сертификаты болған жағдайда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады.
Бұл шешім ЕАЭО тауарлары ретінде танылатын өнімдер тізбесін кеңейтуге және тиісінше, одақтың барлық мүше мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде оларға ұлттық режим беру мақсатында қабылданды.
-
Маңыздысы - бұған дейін Ресей тарапы мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін тауарлардың шығарылған елін анықтау өлшемшарттарына сәйкес келетін жекелеген өнеркәсіптік тауарларға рұқсат беретін қаулы қабылдаған болатын. Атап айтқанда, тауарларды Ресей Федерациясы аумағында қайта өңдеудің жекелеген операцияларын жүргізу, өндірілетін тауарлардың ресейлік тізілімде болуы және т.б.,
- деп жазды Сауда және интеграция министрлігінен.
Осылайша, СТ-1 сертификаты бар қазақстандық өндірушілер тендерлерге жергілікті жеткізушілермен тең жағдайда қатыса алады, бұл өнімдерді өткізуге және нарықты кеңейтуге толық қолжетімділік береді.
Бұл шешім - Қазақстанның ЕАЭО аясындағы белсенді ұстанымы мен жұмысының нәтижесі. Бұл еліміздің одақтағы экономикалық мүдделерін ілгерілетуге бағытталған нәтижелі жұмыс.
Бүгінгі таңда шығарылған елі СТ-1 сертификатымен расталатын тауарлар тізбесі 309 атауды қамтиды (тауарлардың толық тізбесін комиссияның ресми сайтында көруге болады. Жақын арада бұл шешім түпкілікті бекіту үшін ЕЭК Кеңесінің қарауына ұсынылады,
- деп толықтырылған ақпарат.