Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда азық-түлік, қызметтер мен техника бағасы өсуін жалғастыруда

Қазақстанда азық-түлік, қызметтер мен техника бағасы өсуін жалғастыруда

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы мамырда елдегі инфляция деңгейі 0,9%-ды құрады. Сәуір айындағы көрсеткіш – 1,3%. Инфляция қарқыны сәл баяулағанымен, тауарлар мен қызметтердің кең ауқымында баға өсімі байқалады.

Азық-түлік тауарлары

Мамыр айында азық-түлік өнімдерінің бағасы орта есеппен 0,9%-ғақымбаттады. Ең көп өскен өнімдер:

• лимон – +9,1%

• алма – +6,1%

• алмұрт – +5,2%

• жүзім – +5,1%

Сонымен қатар, маусымдық өнімдердің кейбірі арзандаған:

• қияр – -37,1%

• қызанақ – -19,8%

• қырыққабат – -7,7%

• банан – -5,7%

• жұмыртқа – -2,4%

Азық-түлік емес тауарлар

Азық-түлік емес тауарлар бойынша баға өсімі 0,6% болды. Негізгі өсім мынадай тауарлардан байқалды:

• алтын неке жүзіктері – +4,6%

• құрылыс материалдары – +1,1%

• киім, аяқ киім және жеке қолданылатын тауарлар – +0,8%

Ақылы қызметтер

Ақылы қызметтер құны 1,3%-ға өсті. Атап айтқанда:

• теміржол жолаушылар көлігі – +2,1%

• санаторий қызметтері – +2%

• суық су – +4,2%

• таратушы желілер арқылы жеткізілетін газ – +1,5%

• электр энергиясы – +1,4%

Жылдық инфляцияның үдеуі

Жылдық мәнде инфляция 10,7%-ды құрады (2024 жылғы мамырда – 8,5%). Санаттар бойынша:

• ақылы қызметтер – +16%

• азық-түлік тауарлары – +9,6%

• азық-түлік емес тауарлар – +9%

Бағаның ең көп өскен түрлері:

• пәтер жалдау – +13,6%

• теміржол көлігімен жүру – +26,5%

• ноутбуктер – +46,5%

• жеңіл автокөліктер – +24,9%

• күнбағыс майы – +23,8%

• пияз – +76,3%

• картоп – +66,9%

• қырыққабат – +67,5%

Сол уақытта қарақұмық жармасы 12%-ға, күріш 8,3%-ға арзандаған.

Өңірлік ерекшеліктер

2025 жылғы мамырда республикалық орташа деңгейден жоғары инфляция бес өңірде тіркелді. Оның ішінде ең жоғарғы көрсеткіштер:

• Алматы қаласы – 13%

• Астана қаласы – 12,8%

• Қарағанды облысы – 12,7%

Ұқсас материалдар