Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

2026 жылғы 4 қарашада Минскіде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.

Сол күні Беларусь Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрлері орынбасарлары Ермұхамбет Қоныспаев пен Павел Утюпин деңгейінде саяси консультациялар өтті.

Кездесуде тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Консультациялар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктерінің 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тығыз байланысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ұқсас материалдар