Бізге жазылыңыз:

Елімізге тікелей шетелдік инвестициялар тарту төмендеді ме

Елімізге тікелей шетелдік инвестициялар тарту төмендеді ме
Жаһандық нарықтағы белгісіздік пен жетекші экономикадағы өндірістік және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі аясында Үкімет инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында нақты шаралар қабылдап жатыр. Сонымен қатар реттеуші саясатты жетілдіру, әкімшілік кедергілерді жою және экономиканың негізгі салаларында капитал тарту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді министрлік.
Ведомстваның ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда Инвестициалық штаб шеңберінде елдің инвестициялық әлеуетін арттыруға кедергі келтіріп отырған тосқауылдарды жою және жаңа мүмкіндіктер ашу бағытында белсенді жұмыс атқарылып жатыр. 

– Трансқазақстандық теміржол дәлізін жаңғырту, магистральдық желілердің өткізу қабілетін арттыру бойынша нақты ұсыныстар қарастырылуда. Бұл бастамалар еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, инвестиция тарту мәселесіне серпін береді, - делінген жауапта. 
Ресми мәлімет бойынша, 2024 жылы Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 17,2 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде 10,7 млрд доллары өңдеуші емес секторға бағытталған.

Ұқсас материалдар