БҰҰ Алматыда орнықты даму мақсаттары бойынша орталық құруды бекітті
Бұл оқиға Қазақстан үшін маңызды сыртқы саяси табысқа айналды. Ел президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін барлық әріптестеріне алғысын білдіргенін атап өтті.
Қазақстан Президенті Жаңа Өңірлік хаб Орталық Азия мен Ауғанстандағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі халықаралық күш-жігерді үйлестіру үшін маңызды платформа болатынына сенімді, деп атап өтті Желдібай.