
Сәуір айында Қазақстандағы күнкөріс минимумы 2%-ға өсіп, 54 408 теңгені құрады.
Жынысы мен жас ерекшелігіне қарай күнкөріс деңгейі әртүрлі: ер адамдар үшін — 64 759 тг, әйелдер үшін — 51 424 тг. Зейнеткерлер мен егде жастағыларға — 50 882 тг, 14 жасқа дейінгі балаларға — 43 523 тг, жасөспірімдер үшін: ұлдарға — 68 664 тг, қыздарға — 52 614 тг.
Ең жоғары күнкөріс минимумы Маңғыстау облысында — 63 117 тг, Алматыда — 56 833 тг, Астанада — 58 011 тг. Ең төменгі көрсеткіштер Қызылорда (48 477 тг), Батыс Қазақстан (48 784 тг) және Ақтөбе (48 791 тг) облыстарында тіркелді.
Қазіргі уақытта елде табысы күнкөріс минимумынан төмен 1 миллионнан астам адам бар.
Күнкөріс минимумы — адам өміріне қажетті азық-түлік, тауарлар мен қызметтерден тұратын тұтыну себетінің құны. Оның 55%-ы азық-түлікке, 45%-ы азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге тиесілі.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мая, 2025
Қазақстанда заңсыз алтын және мұнай өндіру фактілері тіркелді
- 30 апреля, 2025