
Бізде тұрғын үй бағасы өскен деп айтуға келмейді. Менің айтайын дегенім, бизнес-класс немесе элиталы тұрғын үй сегментінің бағасы емес. «Эконом-класс» санатындағы тұрғын үй қанша тұруы керек болса, тура сонша тұрады. Біз мұнда бағаның күрт өзгеруін көріп отырған жоқпыз. Жаңа Салық кодексін қабылдаудың арқасында алпауыт құрылыс компаниялары бизнесті бөлшектеу арқылы табысқа кенелу тәжірибесінен кетеді, — деді ол.
Роман Скляр Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін құрылыс компанияларына мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеу тиімді бола түсетінін айтты.
— Салықты көп төлегендіктен табысы азаяды. Дегенмен «Бақытты отбасы», «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары аясында аз қамтылған азаматтарға арнап мемлекеттік тапсырыс жасаған кезде жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес баға параметрлерін реттейтін боламыз. Астын сызып айтайын, баспана бағасын нарықтық жолмен болса да реттейміз, — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.