Бізге жазылыңыз:

Мүгедектерге әлеуметтік қолдау аясында 285,7 млрд теңгеге жәрдемақы төленді

Мүгедектерге әлеуметтік қолдау аясында 285,7 млрд теңгеге жәрдемақы төленді
Шара барысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек қатынастарын реттеу, Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру, цифрландыру және көші-қон процестері мәселелері қаралды.

Бірінші вице-министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен отырыс вице-министрлердің, ведомство департамент басшыларының, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеттерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының қатысуымен өтті.

Онлайн режимінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, министрлік комитеттерінің аумақтық департаменттерінің, министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың филиалдарының басшылары, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Отырыста сөз бастаған Бірінші вице-министр Қазақстан халқына оң әсер ететін нақты нәтижелерге қол жеткізудің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

— Есептік кезеңде министрлік барлық жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етті, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалуда, — деп атап өтті Асқарбек Ертаев.
Сонымен қатар негізгі көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.

Мәселен, 2025 жылдың 6 айында жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 250 мың адам жұмысқа орналастырылды.

23 мыңнан астам адамның еңбек құқығы қорғалды. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар өндірістік жарақаттануды 16,6%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау аясында жалпы сомасы 285,7 млрд теңгеге жәрдемақылар мен төлемдер жасалды. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам техникалық құралдар мен оңалту қызметтері көрсетілсе, 18,6 мың адам мүгедектерге арналған такси қызметін пайдаланды.

Әрі қарай Еңбек министрлігінің өкілдері ведомство қызметінің негізгі бағыттары туралы толық ақпарат берді.

Алғашқы сөзді вице-министр Асқар Биахметов алды. Ол аралық нәтижелер мен жоспарлар, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша алдағы жұмыстарға тоқталды. Ол 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру көрсеткіштеріне кеңінен тоқталды.

Ұқсас материалдар