Бізге жазылыңыз:

Ұлытауда үш жаңа зауыт іске қосылады

Ұлытауда үш жаңа зауыт іске қосылады

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы 12 гектарлық индустриялық аймақта үш өндіріс орны ашылады.

Аталған жобалар бойынша инвесторлармен меморандумға қол қойылды. Жалпы инвестиция көлемі – 5 млрд теңге. 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

Болашақ зауыттар:
– болат орау лентасын шығару
– карьерлік техникаларға арналған шынжырлар
– ұсақтаушы шарлар, шыбықтар және мойынтіректер өндірісі

Инфрақұрылымды дамытуға 3,5 млрд теңге бөлінді: сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, автожол және теміржол тұйығы салынып жатыр.

Ұқсас материалдар