Бізге жазылыңыз:

Қазақстаннан 10 елге жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады

Қазақстаннан 10 елге жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады

2025 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10 мемлекетке жаңа халықаралық бағыттар ашылады. Бұл елдер қатарында: Венгрия, Германия, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Корея және Вьетнам бар.

SCAT авиакомпаниясы (Шымкенттен):

  • 27 мамырдан: Шымкент – Будапешт, Шымкент – Мюнхен (аптасына 2 рейс)

  • 29 мамырдан: Шымкент – Шанхай, Шымкент – Сеул (аптасына 2 рейс)

Air Astana:

  • 14 мамырдан: Астана – Дананг

  • 27 мамырдан: Атырау – Тбилиси

  • 28 мамырдан: Алматы – Ош

  • 31 мамырдан: Атырау – Баку

Fly Arystan:

  • 18 мамырдан: Алматы – Кульджа

  • 28 мамырдан: Астана – Газипаша

My Freighter (Centrum Air):

  • 5 мамырдан: Алматы – Ташкент (аптасына 2 рейс)

Azerbaijan Airlines 13 мамырдан бастап Астана – Баку бағытындағы рейстерді аптасына 4 ретке дейін көбейтеді.

Ұқсас материалдар