
Қазақстанда 120 мыңнан астам азамат зейнет жасына жеткеніне қарамастан, ЕНПФ-тегі зейнетақы жинақтарын алу үшін әлі күнге дейін өтініш бермеген. 2025 жылғы 17 сәуірдегі мәлімет бойынша, бұл салымшылардың шотында шамамен 26 млрд теңге қаражат жиналған.
Бұл жағдайдың негізгі себебі – 2018 жылға дейін композиттік қызметтің болмауы. Бұған дейін азаматтар зейнетақыны алу үшін ЕНПФ пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жеке-жеке жүгінуі қажет болатын. Қазір бұл үдеріс жеңілдетілген — бір өтінішпен барлық төлем рәсімделеді.
Сондай-ақ 323 мыңнан астам марқұм салымшының мұрагерлері олардың жинақтарына өтініш білдірмеген. Бұл шоттарда 59,7 млрд теңгеге жуық қаржы сақтаулы. Еске сала кетейік, мұрагерлерге жерлеуге арналған біржолғы төлем және қалған зейнетақы жинақтарын мұрагерлік тәртіппен алу құқығы беріледі.
Қазіргі таңда ЕНПФ зейнет жасына жеткен азаматтарға проактивті қызмет аясын кеңейту мәселесін қарастыруда. Бұл жаңалық кәсіби немесе ерікті жарналар есебінен жинақталған зейнетақы қаражаттарына да қатысты болуы мүмкін.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025