
Халықтың борыш жүктемесін төмендету мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелеуді реттеуге қатысты заң жобасын дайындады.
Құжатта мынадай өзгерістер қарастырылған:
-
борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) кәсіпкерлік мақсатта алынған несиелерге де қолдану;
-
соңғы 30 күннен асқан мерзімі өткен несиесі бар азаматтарға 5 жылдан ұзақ мерзімге кепілсіз несие беруге тыйым салу;
-
соңғы 12 айда 90 күннен асқан мерзімі өткен қарызы бар азаматтар үшін БЖК-ны 0,25 деңгейінде шектеу;
-
3 жылдан астам мерзімге берілген кепілсіз несиелерге 350% тәуекел салмағын белгілеу;
-
ипотекалық қайта қаржыландыру бағдарламаларындағы несиелерге БЖК есептеу талабын алып тастау;
-
ресми кіріс есебінен міндетті зейнетақы жарналары мен ЖТС-ты алып тастау.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1000 АЕК-тен (2025 жылы 3,93 млн теңге) асатын несие тек жұбайының келісімімен ғана беріледі. Бұл талапты бұзған МҚҰ жауапкершілікке тартылады.
Бұл шаралар азаматтарды шамадан тыс қарызға батудан қорғауға бағытталған.