
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 133 төлем ұйымы тіркелген. Бұл туралы Ұлттық банктың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kapital.kz хабарлайды.
📈 2020–2024 жылдар аралығында төлем ұйымдары арқылы жүргізілген операциялар көлемі төрт есе артты. 2024 жылы бұл көрсеткіш 8,2 трлн теңгені құрады (2023 жылы — 8 трлн тг).
👉 Аталған көлемнің 70%-дан астамы небары 17 ұйымға тиесілі.
🔍 2024 жылы ең жиі қолданылған төлем қызметтері:
-
Электронды төлемдер (мобильді құрылғылар мен интернет арқылы):
📊 543 млн операция, көлемі — 5,6 трлн теңге
➕ 2023 жылмен салыстырғанда 14,2%-ға өсті -
Банктік шот ашпай қолма-қол ақша қабылдау операциялары:
📊 148 млн операция, көлемі — 1,7 трлн теңге
➖ Көрсеткіш 24,3%-ға төмендеді -
Электронды ақшаны пайдалану арқылы төлемдер:
📊 223 млн операция, көлемі — 0,8 трлн теңге
➕ Өсу — 29,9%
📍 Төлем ұйымдарының аймақ бойынша орналасуы:
-
Алматы қаласы — 123 ұйым
-
Астана қаласы — 6
-
Қарағанды қаласы — 2
-
Қонаев және Рудный қалалары — әрқайсысында 1 ұйымнан
🛡 Ұлттық банктің 2024 жылғы бақылау және қадағалау шаралары:
-
📌 21 төлем ұйымы тізілімнен шығарылды
Себептер: жалған ақпарат ұсыну, заңнаманы жүйелі бұзу, қызмет жүргізбеу -
⚖️ 52 қадағалау шарасы қолданылды
Себептер: есептілікті кешіктіру, қате мәлімет ұсыну -
🧾 Тексерулер нәтижесі бойынша:
– 199 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды
– 34,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
– Себеп: кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнаманы бұзу
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025