Бізге жазылыңыз:

Қазақстан әзірге ХҒС бағдарламаларына қатыспайды

Қазақстан әзірге ХҒС бағдарламаларына қатыспайды

Қазақстанның Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) өз ғарышкерлерін жіберу мәселесі әзірге нақты шешімін тапқан жоқ. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Ресеймен бірлескен ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру нұсқалары қарастырылған. Атап айтқанда, ХҒС-тың ресейлік сегментінде ортақ ғылыми зерттеулер жүргізу және қосымша бюджеттен тыс жобаларды іске асыру көзделген.

Кейбір меморандумдарға қол қойылғанымен, тараптар нақты келісімдерге келе алған жоқ. Себебі – ғылыми бағдарламаларды қаржыландыру тетіктеріндегі заңнамалық айырмашылықтар.

Министрлік қазіргі таңда басымдықты ұзақмерзімді нәтижесі бар инфрақұрылымдық және ғылыми жобаларға беріп отыр. Ғарыш бағдарламалары стратегиялық маңызға ие болғанымен, оны жүзеге асыру үшін едәуір қаражат қажет. Сондықтан мұндай бастамалар болашақта оңтайлы жағдай қалыптасқанда қайта қарастырылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар