Бізге жазылыңыз:

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін BBB деңгейінде растады

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін BBB деңгейінде растады
Агенттік рейтингті сақтаудың негізгі факторлары ретінде келесілерді атап өтті:

ҚР Ұлттық қорының валюталық активтері мен Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерін қоса алғанда, таза сыртқы активтердің жоғары деңгейі;

мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі;

біртіндеп фискалдық шоғырландыру шаралары;

қаржыландырудағы икемділік;

тұрақты экономикалық өсім;

қалыпты геосаяси тәуекелдер.

Fitch сарапшыларының пікірінше, Теңіз кен орнын кеңейту есебінен мұнай өндіру көлемінің артуы мұнай бағасының төмендеуінің әсерін едәуір өтейді.

Сондай-ақ агенттік Салық кодексіне жүргізіліп жатқан реформалар орта мерзімді перспективада бюджеттік тапшылықты қысқартуға мүмкіндік береді деп санайды.

- Кепілдендірілген міндеттемелерді қоса алғанда, мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы тұрақты деңгейде сақталады деп болжануда, - делінген ақпаратта.
Бюджеттік және квази-бюджеттік қолдау шаралары экономиканың шикізаттық емес секторының ел экономикасының құрылымындағы тұрақты үлесін қамтамасыз етіп отырғаны атап өтілді.

Сонымен қатар Fitch АҚШ тарапынан енгізілген 25 пайыздық тарифтердің Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсері болмайтынын атап өтті. Бұл елдің сыртқы сауда құрылымында АҚШ-тың үлесінің төмендігімен байланысты.

Агенттік сондай-ақ қайталама санкциялар тәуекелін де төмен деп бағалайды.

Ұқсас материалдар