Бізге жазылыңыз:

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға инватакси жаңа стандарттармен қызмет көрсетеді

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға инватакси жаңа стандарттармен қызмет көрсетеді

Азаматтарды қабылдау орталығында Талғат Ластаев азаматтарды жеке қабылдады. Астана, Алматы қалаларының, Абай, Қостанай және Атырау облыстарының тұрғындары көлік саласына қатысты мәселелерді ортаға салды.

 Азаматтар негізінен халықаралық автокөлік тасымалы, ерекше қажеттілігі бар азаматтарғаарналған инватаксилердің қолжетімділігі мен тапшылығын жою, теміржол вокзалдары мен автомобиль жолдарын жөндеу кезінде полимерлі материалдарды пайдалану, сондай-ақ Мамырсу ауылының маңында жол айрығын салу мәселелерін қозғады.

Мәселен, вице-министр 2025 жылдың 19 маусымында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді ерекше қажеттілігі бар азаматтарға инватакси қызметі жаңа стандарттар бойынша көрсетілетінін атап өтті. Қызмет көрсету талаптары кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектерге қызмет көрсету үшін кезекші инватаксилердің болуы туралы тармақшамен толықтырылды.

Басқа да өтініштердің барлығына Талғат Ластаев жан-жақты жауаптар мен түсініктеме берді.

Вице-министр халықпен ашық диалогтың маңыздылығына тоқталып, Көлік министрлігі қызмет көрсету сапасын арттырып және көлік қызметін пайдаланушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Ұқсас материалдар