
Алдын ала жүргізілген талдау бойынша, АҚШ тарапынан енгізілуі ықтимал сауда шаралары Қазақстан экспортының 4,8%-ынан аспайды. Бұл 2024 жылдың қорытындысы бойынша $2 млрд экспорт көлемінің шамамен $95 млн-ына тең.
Сонымен қатар, мұнай, уран, ферроқорытпалар, күміс және басқа да стратегиялық маңызды өнімдер қосымша америкалық баж салығына жатпайды. Сондықтан Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемінің айтарлықтай төмендеуі күтілмейді.
Үкімет америкалық тараппен қазақстандық тауарларға жаңа шектеулерді қолданбау мәселесі бойынша консультацияларды жалғастырады. Сонымен қатар, ДСҰ секілді халықаралық алаңдарда елдің экономикалық мүдделерін қорғау жұмыстары жалғасатын болады.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Абай облысында ірі ет өңдеу кешені салынып жатыр
- 16 мамыр, 2025
Қазақстаннан 10 елге жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады
- 14 мамыр, 2025