
Жаңаcемей ауданына қарасты Чекоман ауылында жоғары технологиялы ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды. Eurasia Agro Semey компаниясы жүзеге асырып жатқан жоба құны – 7,7 млрд теңге.
Кешен тәулігіне 35 тонна сиыр, қой және жылқы етін өңдей алады. Сонымен қатар 7 мың ұсақ және 10 мың ірі малға арналған бордақылау алаңдары қарастырылған. Жобаның ерекшелігі – толық өндірістік цикл мен қалдықсыз технология. 1 000 жұмыс орны ашылады. Іске қосу мерзімі – 2026 жылғы тамыз.