Бізге жазылыңыз:

ҚАЗТЕСТ тапсыратындар нені білуі керек?

ҚАЗТЕСТ тапсыратындар нені білуі керек?

Қандас мәртебесін алуды немесе Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеуді жоспарлаған азаматтар үшін ҚАЗТЕСТ – көші-қон әлеуетін критериалды бағалау кезеңдерінің бірі. Тест арқылы мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолдану деңгейі анықталады.

Тестілеу онлайн форматта өтеді. Қатысушы тыңдалым және оқылым бағыттары бойынша барлығы 60 тапсырма орындайды. Оған 1 сағат 10 минут беріледі.

Тапсырмалар күрделі тіл білімін емес, күнделікті қарым-қатынасқа қажетті қазақ тілін түсіну деңгейін бағалауға бағытталған.

Тестке алдын ала дайындалғысы келетіндер үшін бейімдеу және интеграция орталықтарында тегін дайындық қарастырылған. Қажетті нәтиже көрсетілмеген жағдайда тестілеуді қайта тапсыруға болады: соңғы тесттен кейінгі 30 күн ішінде екі ретке дейін.

Тестілеу прокторинг жүйесімен жүргізіледі, сондықтан камера, микрофон және интернет байланысын алдын ала тексеру қажет. Нәтиже үш жұмыс күні ішінде беріледі.

ҚАЗТЕСТ тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты Testcenter.kz және migration.enbek.gov.kz ресми ресурстарынан алуға болады.

Ұқсас материалдар