Бізге жазылыңыз:

Қажкенов құрылыс саласындағы нормаларды жетілдіру мәселесін бизнеспен талқылады

Қажкенов құрылыс саласындағы нормаларды жетілдіру мәселесін бизнеспен талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының және құрылыс бизнесі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кездесу барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары талқыланды.

Қуандық Қажкенов министрлік салалық заңнама мен мемлекеттік нормативтерді жетілдіру мақсатында кәсіпкерлермен тұрақты түрде ашық диалог жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бұл кездесу маусым айында «Атамекен» ҰКП алаңында өткен кеңейтілген кеңестің жалғасы екенін айтты.

Талқылау барысында Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстарын ұсынды. Кейбір мәселелер бойынша тараптар ортақ келісімге келсе, бірқатар бастамалар уәкілетті мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың қатысуымен қосымша пысықталатын болады.

Кездесу қорытындысында Қуандық Қажкенов барлық қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, мемлекеттік нормативтерді жетілдіру мемлекет, сарапшылар қауымдастығы және бизнес арасындағы тиімді ынтымақтастық арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

Ұқсас материалдар