Бізге жазылыңыз:

Қазақстан көрші елдер арасында мигранттар үлесі ең жоғары мемлекеттердің қатарында

Қазақстан көрші елдер арасында мигранттар үлесі ең жоғары мемлекеттердің қатарында

2024 жылғы халықаралық статистикаға сәйкес, Қазақстан халық құрамындағы шетелдік мигранттардың үлесі бойынша өңірдегі жетекші елдердің бірі саналады. Елдегі мигранттардың үлесі 10,15%, бұл Ресейдегі (5,25%) көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары. Сондай-ақ бұл көрсеткіш Өзбекстаннан (3,18%), Қырғызстаннан (2,71%) және Тәжікстаннан (2,61%) айтарлықтай жоғары.

Әлем бойынша бүгінде 280 миллионнан астам адам туған елінен тыс жерде өмір сүреді. Ең көп мигрант қабылдаған елдер қатарында АҚШ (52,37 млн адам), Германия (16,75 млн), Сауд Арабиясы (13,68 млн), Ұлыбритания (11,85 млн) және Франция (9,19 млн) бар.

Қазақстандағы көші-қон үдерісінде тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың үлесі ерекше. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1,16 миллионнан астам қандас пен олардың отбасы мүшелері қоныс аударды.

Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығын алғандардың саны да жоғары деңгейде сақталуда. 2024 жылы Қазақстан азаматтығын 20,2 мың адам, 2023 жылы26,8 мың, 2022 жылы22,1 мың, 2021 жылы24,1 мың адам алған. Олардың басым бөлігі Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түрікменстан және Қырғызстан азаматтары.

Бұл деректер Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі көші-қон орталықтарының бірі екенін көрсетеді. Ел бір жағынан шетелдік мигранттарды қабылдаса, екінші жағынан тарихи отанына оралған қандастарды қолдау саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Ұқсас материалдар