Бізге жазылыңыз:

Былтыр елімізде жалпы ішкі өнімнің өсімі 5%-ды құрады

Былтыр елімізде жалпы ішкі өнімнің өсімі 5%-ды құрады
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі – 35,9%, қызметтердікі – 58%. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлес өнеркәсіп саласына тиесілі – 26,1%.

Ең жоғары өсім құрылыс (15,3%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (13,7%), көлік және қойма (9,4%), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (8,9%), өңдеу өнеркәсібі (6,8%) салалары көрсетті.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2024 жылы 14 444,6 АҚШ долларын құрады. 

Динамикада бақыланбайтын экономика үлесі 2020 жылғы 20,2%-тен 2024 жылы 16,7%-ке дейін төмендеген, оның ішінде заңсыз қызмет үлесі ЖІӨ-нің 1,18%-ын құрады. 

Айта кетейік, ЖІӨ – нарық бағасындағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі. ЖІӨ-нің нақты көлем индексі белгілі бір кезеңдегі экономикадағы тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды. 

Ұқсас материалдар