
2022 жылдың сәуірінен бастап еліміздің өңірлерінде жалпы көлемі 608,4 гектар болатын 49 заңсыз жер пайдалану және бүлдіру дерегі тіркелген. Айыппұл сомасы 57,6 млн теңгені құрады.
Көбінесе бұл бұзушылықтар кең таралған пайдалы қазбалар, алтын, мұнай және басқа да ресурстарды заңсыз өндірумен байланысты.
Ең көп дерек Ақмола облысында анықталды — 11 жағдай. Қызылорда облысында – 7, Түркістан және Ақтөбе облыстарында – 6-дан. Шығыс Қазақстанда – 5, Абай облысында – 4, Маңғыстауда – 3 жағдай.
Сонымен қатар, Жетісу, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында да осындай фактілер тіркелген.