ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда кейбір тауарларды сатып алуда ұлттық режимнен шығару ұсынылды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. – Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, машина жасау, химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсібі өнімдерін мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу көзделеді, – делінген құжатта.
Құжат ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында әзірленген.
Қоғамдық талқылау 25 наурызға дейін жалғасады.