
Мұнай секторы ұйымдарына:
— шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;
— шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
— жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушылар жатады.
Мұнай секторы ұйымдарының келесі қаржы жылына арналған тізбесі ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен бірлесіп бекітіледі.
Мемлекеттік қазынашылық айдың басына дейін кемінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық қорға жіберілетін және Үкіметтің Ұлттық банкте ашылған шоттарына аударылатын түсімдер сомаларының алдағы айға арналған болжамын Ұлттық банкке ұсынады.
Үкіметтің Ұлттық банкте ашылған теңгелік шотында түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін келесі ай сайынғы кепілдендірілген трансфертті аудару шеңберінде жүзеге асырылатын алып қою үшін жеткілікті сомада қаражат жиналғаннан кейін қаржы нарығындағы ахуалға қарай қаражат Ұлттық қордың Ұлттық банкте шетел валютасында ашылған шотына есепке жатқызыла отырып, теңгелік шоттан айырбасталады.
Шетел валютасындағы түсiмдердi Ұлттық банк мемлекеттiк қазынашылықтың корреспонденттiк шоттарына шетел валютасында есепке жатқызады. Ұлттық қорға есепке жатқызуға арналған валюталар түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды мемлекеттік қазынашылық Ұлттық банктен электрондық түрдегі төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейін мемлекеттік қазынашылық теңгемен алынған соманы Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызады және сол жұмыс күні бюджетті атқару рәсіміне сәйкес шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударады, Үкіметтің шоттарына есепке жатқызылатын шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін Ұлттық банк белгілеген хабарламалар, өтініштер беру және соманы теңгемен есепке жатқызу кестесін сақтайды.
Ұлттық банк Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістерді есепке алуды кастодиандардан түсетін ақпараттың негізінде есепке жазу әдісімен жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Ұлттық қор кастодианының шоттарында Ұлттық қор активтерінің құрамында көрсетіледі.
Ұлттық қорға түсетін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар Үкіметтің Ұлттық банкте ашылған шотына аударады.
https://kaz.inform.kz/news/ulttik-kordi-paydalanudin-zhana-kagidasi-bektld-5d4994/