Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда оңалту құралдарымен қамту 80,6%-ға жетті

Қазақстанда оңалту құралдарымен қамту 80,6%-ға жетті

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және оларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, жалпы қажеттілік 574 097 іс-шараны құраған. Оның 462 280-і орындалды. Осылайша, қажеттілікті қамтамасыз ету деңгейі 80,6%-ға жетті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген құралдар мен қызметтердің саны 27 785-ке артты. Ал орындалу көрсеткіші 80,3%-дан 80,6%-ға дейін өсті.

Ең жоғары көрсеткіштер міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және жеке көмекшінің қызметін ұсыну бағыттарында тіркелді.

Атап айтқанда:

  • Міндетті гигиеналық құралдар — 242 567 қажеттіліктің 220 652-сі орындалды (91%);

  • Жеке көмекшінің қызметі — 27 549 қажеттіліктің 26 821-і орындалды (97,4%);

  • Ымдау тілі маманының қызметі — 8 973 қажеттіліктің 8 664-і орындалды (96,6%);

  • Кресло-арбалар — 16 822 қажеттіліктің 14 337-сі орындалды (85,3%);

  • Сурдологиялық көмек — 12 414 қажеттіліктің 10 107-сі орындалды (81,5%);

  • Тифлотехникалық құралдар — 26 424 қажеттіліктің 20 472-сі орындалды (77,5%);

  • Санаторий-курорттық емдеу — 151 622 қажеттіліктің 103 299-ы орындалды (68,2%);

  • Протездік-ортопедиялық көмек — 87 726 қажеттіліктің 57 928-і орындалды (66,1%).

Жалпы көрсеткіштің өскеніне қарамастан, көмектің жекелеген түрлеріне қажеттілік әлі толық өтелмеген. Атап айтқанда, протездік-ортопедиялық көмек пен санаторий-курорттық емдеу бойынша орындалу деңгейі 70%-ға жетпейді.

Көрсетілген деректер 2026 жылғы қазан айының басындағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қызметтер көрсету барысын сипаттайды.

Ұқсас материалдар