Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда мәдени демалысқа сұраныс артып келеді

 Қазақстанда мәдени демалысқа сұраныс артып келеді

2025 жылғы 1 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасында 3920 көпшілік кітапхана, 3076 мәдени-демалыс мекемесі, 282 мұражай, 251 ойын-сауық және демалыс саябағы, 113 кинотеатр, 74 театр, 50 концерттік ұйым, 10 хайуанаттар бағы және 4 цирк жұмыс істеді. Бұл нысандар қоғамның мәдени және әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарып, білім мен өнерге қолжетімділікті қамтамасыз етуде.

🔹 2024 жылы ең көп баратын нысандар:

  • Кітапханалар – 55,5 млн рет

  • Кинотеатрлар – 23,3 млн рет

  • Демалыс саябақтары – 15,6 млн рет

  • Мұражайлар – 6,7 млн рет

Кітапханалар бұрынғысынша көш бастап тұр, алайда халықтың түрлі мәдени демалыс түрлеріне деген қызығушылығы артып келеді.

📈 Қатысу динамикасы: барлық салаларда өсім байқалады 2023 жылмен салыстырғанда:

  • Хайуанаттар бағы30% өсім

  • Концерттік ұйымдар+12,1%

  • Мәдени-демалыс ұйымдары+11,5%

  • Киносеанстар+10,9%

  • Мұражайлар+6,5%

  • Театрлар+3,5%

Бұл көрсеткіштер пандемиядан кейін және цифрлық дәуірдің аясында офлайн мәдениетке деген сұраныстың қайта жанданғанын көрсетеді.

🎟️ Іс-шаралар санының өсуі 2024 жылы:

  • 224,2 мың мәдени-демалыс іс-шарасы

  • 16,7 мың театр қойылымы

  • 8,7 мың саябақтардағы іс-шара

  • 6,4 мың концерт өткізілді

Ең үлкен өсім демалыс саябақтары мен цирктерде тіркелді – сәйкесінше +24% және +13,5%. Бұл – демалыс формаларының әртараптанып жатқанын көрсетеді.

🗺️ Аймақтық ерекшеліктер

  • Кітапханаға ең көп барғандар: Алматы (5,58 млн), СҚО (4,51 млн), Түркістан облысы (4,08 млн), Ақмола облысы (3,72 млн)

  • Киноға ең көп барғандар: Алматы (7,84 млн), Астана (4,03 млн), Шымкент (1,93 млн)

  • Мұражайларға жиі барғандар: Түркістан облысы (1,17 млн), Астана (955,8 мың)

📌 Қорытынды Сараптама нәтижелері қазақстандықтардың мәдени демалыс түрлерін таңдаудағы саналуандығын көрсетеді. Концерттерге, хайуанаттар бағы мен киноға қызығушылық артып келеді, ал кітапханалар мен мұражайлар өз маңызын сақтап отыр. Бұл – мәдени инфрақұрылымның дамуымен қатар, халықтың мәдени сұранысының да артып келе жатқанының дәлелі.

Ұқсас материалдар