
Балалардың құқығын қорғау комитеті басшысының айтуынша, ақпарат баланың психикасына айтарлықтай әсер етеді. Кез келген ақпараттың екі қыры бар.
— Жағымсыз ақпараттарға келсек, баланың ойын өзгертеді және бұрмалайды, қиялына ықпал етеді, жаңа мінез-құлық үлгісін қалыптастырады, соның салдарынан оның психикалық және психо-эмоционалдық денсаулығына зиян келеді. Одан бөлек, балалар арасындағы зорлық-зомбылық, жеке деректі қолдану қаупі бар, — дейді ол.
Бүгін елордада ЛГБТ насихаттың балалар мен жасөспірімдерге әсерін зерттеу нәтижесі талқыланды. Аталған шараға сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдар өкілдері, депутаттар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Айта кетейік, зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, қазақстандық жасөспірімдердің 10-12 пайызы бейтаныс адаммен кездесуге барғанын мойындаған.