Бізге жазылыңыз:

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында 23 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетіледі

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында 23 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетіледі
Оның айтуынша, «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында екінші деңгейдегі банктер кредиттеуінің жалпы көлемі жылына шамамен 400 млрд теңге болады. 2026 жылға арналған субсидиялауға жылдық қажеттілік шамамен 24 млрд теңге болады. Бұл ретте бірінші жылы 5 мыңнан астам жобаны қолдау күтілуде.

— Бағдарламаға қатысушылар микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері болады. Бір жобаға кредиттің ең көп сомасы — 200 млн теңгеге дейін. Субсидиялау — номиналды мөлшерлеменің 40 пайызы. Субсидиялау мерзімі — ұзартусыз 3 жылға дейін, — деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер дерегінше, бағдарламаны 2026-2028 жылдары іске асыру:

— 23 мыңға жуық жобаны қолдауға;

— 1,2 трлн теңге сомасына кредит беруді қамтамасыз етуге;

— шамамен 127 млрд теңгеге бюджеттік қолдауға мүмкіндік береді.

Мультипликативті түрінде күтілетін әсер:

— салық түсімдері — 157 млрд теңге;

— өнім шығару — шамамен 1,4 трлн теңге;

— шамамен 7 мың жаңа жұмыс орнын құру және шамамен 136 мың жұмыс орнын сақтап қалу.

— Бюджеттік жүктеме 2026-2028 жылдары шыңына көтеріле отырып, кейіннен төмендеумен орташа және уақытша сипатта болады. Бағдарламаны әкімшілендіру egov.business және Damu Online порталдары арқылы өтінімдер беруді, кәсіпкердің жеке кабинеті арқылы «бір терезе» қағидатын іске асыруды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізуді қоса алғанда, цифрлық шешімдерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады, — деді Серік Жұманғарин.

Ұқсас материалдар