
Сонымен қатар «Электрондық агроөнеркәсіп кешені (е-АӨК)» экожүйесі құрылып жатыр, ол Smart Farming технологиясына негізделген.
— 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы жерлерінің кемінде 50 пайызы цифрлық бақылауға алынады деп жоспарланған. Бұл егін өнімділігін 20–25 пайызға арттырып, құрғақшылық пен зиянкестерден болатын шығындарды азайтады.
Сонымен қатар, мал басының 90 пайызы RFID-белгілер мен жасанды интеллект арқылы таңбаланады. Бұл шаралар елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады, — деді министр.
Осы орайда ол агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру саланы жаңғыртуға, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту жөніндегі жаһандық мақсаттарға елеулі үлес қосатынын атап өтті.