2026 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша бірқатар жобаны аяқтады. Жұмыстар ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуға бағытталған.
Жобалар Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарындағы 14 ауылды қамтыды. Нәтижесінде 45,5 мыңнан астам адамның сумен қамту жағдайы жақсарды.
Жұмыстар аясында 53,6 шақырым жаңа су құбыры тартылып, қолданыстағы 62,9 шақырым желі қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар су құбырлары құрылыстарының алаңдары, таза су резервуарлары мен су көтеру сорғы станциялары салынды.
Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Нұрбек Сериковтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша тағы 14 жоба жүзеге асырылуда. Олар аяқталғаннан кейін жалпы саны 443,2 мың адам тұратын 131 елді мекеннің ауыз сумен қамтылу жағдайы жақсарады.





