Бізге жазылыңыз:

Жеңіл өнеркәсіпке 40 млрд теңге инвестиция салынды

Жеңіл өнеркәсіпке 40 млрд теңге инвестиция салынды
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 260 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның мәліметінше, өндіріс құрылымында тоқыма саласы басым — 159 млрд теңге. Киім тігу көлемі шамамен 84 млрд теңгені, ал былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі 17 млрд теңгеге жуық.

Сондай-ақ саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 40 млрд теңгені құрады.

– Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1 пайызды құрайды. Өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі — 0,4 пайыз, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,8 пайыз болды. 2025 жылы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде отандық өндірушілердің үлесі 8,1 пайыз, қалғаны импортқа тиесілі, - деді Мұхамед Андаков.
Оның сөзінше, 2024 жылы бұл көрсеткіш 5,1 пайыз болған. Яғни, отандық өнім үлесі біртіндеп артып келеді.

– Жалпы, жеңіл өнеркәсіп үш негізгі бағыттан тұрады. Оның ішінде тоқыма өндірісінің үлесі 61 пайызды, киім тігу саласы — 32 пайызды, ал былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі 7 пайызды құрайды, - деді ол.

Ұқсас материалдар