Сондай-ақ саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 40 млрд теңгені құрады.
– Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1 пайызды құрайды. Өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі — 0,4 пайыз, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,8 пайыз болды. 2025 жылы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде отандық өндірушілердің үлесі 8,1 пайыз, қалғаны импортқа тиесілі, - деді Мұхамед Андаков.
Оның сөзінше, 2024 жылы бұл көрсеткіш 5,1 пайыз болған. Яғни, отандық өнім үлесі біртіндеп артып келеді.
– Жалпы, жеңіл өнеркәсіп үш негізгі бағыттан тұрады. Оның ішінде тоқыма өндірісінің үлесі 61 пайызды, киім тігу саласы — 32 пайызды, ал былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі 7 пайызды құрайды, - деді ол.





