ЖАҢАЛЫҚТАР
Теңге ең тартымды валюталардың бірі – Тимур Сүлейменов
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына қатысты қазіргі ахуалға орай пікір білдірді. - Қазақстан теңгесі өзінің тұрақтылығын дәлелдеді. Естеріңізде болса, жекелеген сарапшылар кезінде 1 доллар мың теңге, 2 мың теңге болатынын айтқан еді. Сол уақытта біз оған іргелі де, нарықтық да алғышарттардың мүлдем жоқ екенін айтқан болатынбыз. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, теңге – тұрақты валюта. Өткен жылдың қорытындысында ол өте жақсы табыстылығын көрсетті. Қазіргі уақытта ең тартымды валюталардың бірі. Сіздер де халықаралық рейтингтерден, басқаларынан көріп отырсыздар, - деді Ұлттық банк төрағасы Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі брифингіде.
Оның пайымынша, дәл қазіргі уақытта Қазақстанда тәуекел мен табыстылық арақатынасы әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады.
- Сондықтан ол инвестиция тартып, соған орай теңге нығая түсті, - деді Тимур Сүлейменов.