Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда жаңа мамандықтарды заңдастыру ұсынылды

Қазақстанда жаңа мамандықтарды заңдастыру ұсынылды

Сенатор Айгүл Қапбарова Қазақстанда қазіргі заманға сай жаңа мамандықтарды Ұлттық кәсіптер классификаторына енгізуді ұсынды, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, бүгінде мыңдаған қазақстандық DevOps-инженер, дата-аналитик, гейминг, SMM-менеджер, таргетолог, креатор сынды сұранысқа ие, бірақ ресми түрде танылмаған мамандықтар бойынша жұмыс істеп жүр. Бұл мамандар жарнама нарығын қалыптастырып, бренд имиджін алға жылжытатын негізгі күшке айналған.

— Бұл мамандардың құқықтық статусы жоқ. Олар көлеңкелі секторда қалып отыр. Статистикада көрінбейді, ресми еңбекке тартылмаған, — деді Қапбарова.

Оның ұсыныстары:

  • Жаңа мамандықтарды классификаторға енгізу;

  • ЖОО мен колледждерде оқу бағдарламаларын жасау;

  • Гранттар тағайындау;

  • Қажетті дағдыларды айқындау үшін сараптамалық топ құру;

  • Еңбек нарығын толық қамтитын жаңа статистикалық құралдарды енгізу.

Бұл шаралар жаңа буын мамандарының мәртебесін көтеріп, салықтық түсімдерді арттыруға және көлеңкелі секторды азайтуға көмектеседі.

Ұқсас материалдар