
Сенатор Айгүл Қапбарова Қазақстанда қазіргі заманға сай жаңа мамандықтарды Ұлттық кәсіптер классификаторына енгізуді ұсынды, деп хабарлайды LS.
Оның айтуынша, бүгінде мыңдаған қазақстандық DevOps-инженер, дата-аналитик, гейминг, SMM-менеджер, таргетолог, креатор сынды сұранысқа ие, бірақ ресми түрде танылмаған мамандықтар бойынша жұмыс істеп жүр. Бұл мамандар жарнама нарығын қалыптастырып, бренд имиджін алға жылжытатын негізгі күшке айналған.
— Бұл мамандардың құқықтық статусы жоқ. Олар көлеңкелі секторда қалып отыр. Статистикада көрінбейді, ресми еңбекке тартылмаған, — деді Қапбарова.
Оның ұсыныстары:
-
Жаңа мамандықтарды классификаторға енгізу;
-
ЖОО мен колледждерде оқу бағдарламаларын жасау;
-
Гранттар тағайындау;
-
Қажетті дағдыларды айқындау үшін сараптамалық топ құру;
-
Еңбек нарығын толық қамтитын жаңа статистикалық құралдарды енгізу.
Бұл шаралар жаңа буын мамандарының мәртебесін көтеріп, салықтық түсімдерді арттыруға және көлеңкелі секторды азайтуға көмектеседі.