Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Қырғызстан шекара маңындағы агроөнімдер саудасын жандандырмақ

Қазақстан мен Қырғызстан шекара маңындағы агроөнімдер саудасын жандандырмақ
Қазақстан мен Қырғызстанның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов пен Қырғыз Республикасы Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары Самат Насирдинов тең төрағалық етті. Сонымен қатар, жиынға Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков қатысты.

Кездесу барысында тараптар Үкіметаралық кеңестің 12-ші отырысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын, 2024–2025 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді ұлғайту жөніндегі Жол картасының іске асырылуын және аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Вице-министр Бағлан Бекбауов агроөнеркәсіптік өнімдер бойынша екі ел арасындағы тауар айналымының тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.

— 2024 жылы бұл көрсеткіш 350,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға артқан. Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында тауар айналымы 43,5%-ға өсіп, 99,9 млн АҚШ долларына жетті. Оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі 80,1 млн долларды құрап, 44,3%-ға, ал импорт көлемі 19,8 млн долларды құрап, 39%-ға өскен, — делінген хабарламада.

Ұқсас материалдар